Білім мен тәрбие тәжірибемен тоғысты
«Тынысы терең тәжірибе алаңы. Жасанды интеллект мүмкіндіктері: Инновация. Ізденіс. Өрлеу» атты қалалық тәжірибе алаңы өтті.
«Интеллект дәуіріндегі ізденіс» бөлімінде бастауыш сынып мұғалімі, п.ғ.м. Г.Иманбердиева «Smart Teacher: ЖИ арқылы шабыттанған сабақ» тақырыбында шебер-сынып, көркем еңбек пәнінің мұғалімі, «Үздік авторлық бағдарлама - 2025» облыстық байқауының жеңімпазы С.Стамшаева, информатика пәнінің мұғалімі А.Анеcова «Тоқыма материалдардан бұйым дайындау» тақырыбында интеграцияланған сабақ, сынып жетекшілер К.Серімбетова, Ұ.Сердалы «Отбасы – менің life balance-ым» Digital форматында тәрбие сағатын өткізді.
«Ізденіс. инновация. нәтиже» шеберлікті шыңдау алаңында М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы, п.ғ.м. Ә.Бимаханова «Ғылыми этика және академиялық адалдық: Мұғалім мен оқушы зерттеулеріндегі плагиат мәселесі» оқыту семинарын, сынып жетекшілер А.Анесова, Ұ.Сердалы «Teacher+Art=Heart: мұғалімнің жаңа тәрбие формуласы» тренинг, С.Стамшаева «Eco knit:табиғи жіп, заманауи шешім» шебер сынып өткізді.
️«Тынысы терең тәжірибе алаңы» бөлімінде №257 орта мектептің математика пәні мұғалімі, республикалық, облыстық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының жүлдегері А.Оңғаров «Үй тапсырмасы арқылы оқушылардың математикалық білімін арттыру», С.Толыбеков атындағы №3IT мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі, «Олимп шыңы» Республикалық пәндік олимпиада жеңімпазы Н.Жамалбекова «Мектептегі жасанды интеллект: мұғалім тәжірибесіндегі нақты кейстер» тақырыбында іс тәжірибелерімен бөлісті.
Тәжірибе алаңында ұстаздарға инновациялық идеялар мен ЖИ қолданудың мүмкіндіктері ұсынылды.
https://kzl267mektep.edu.kz/kz/zhanaly-tar/178-tynysy-tere-t-zhiribe-ala-y-zhasandy-intellekt-m-mkindikteri-innovatsiya-izdenis-rleu.html#sigFreeIda58c0c64e8






