2020-2021 оқу жылындағы психологиялық қызмет бойынша атқарылған жұмыстар

Педагог-психолог: Ә.Ділдабекова

ØПсихологиялық қызметтiң мақсаты:

ØОрта бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтiк-психологиялық жағдай жасау және бiлiм беру үдерiсiне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

Психологиялық қызметтiң мiндеттерi:

- бiлiм алушылардың тұлғалық және зияткерлiк дамуына ықпал ету, өзiн-өзi тәрбиелеу және өзiн-өзi дамыту қабiлетiн қалыптастыру;

- бiлiм алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуiне психологиялық жәрдем көрсету;

- тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негiзiнде әрбiр бiлiм алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;

- психологиялық диагностиканы жүргiзу және бiлiм алушылардың шығармашылық әлеуетiн дамыту;

- психологиялық қиыншылықтар мен бiлiм алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;

- психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдiстерiн таңдауда ата-аналар мен педагогтарға консультациялық көмек көрсету;

- бiлiм беру үдерiсi субъектiлерiнiң психологиялық-педагогикалық құзыреттiлiгiн көтеру.


Бірінші сынып оқушыларымен жүргізілген бейімдеу сабақтары

1а,ә сыныбында «Мейірімділік»тренингі жүргізілді. Мақсаты: Топта ынтымақ,жағымды эмоциялық жағдай тудыру.Тренинг барысында «Мейірімді есім», «Атом және молекула» жаттығуы, «Мен...ұнатамын», «Тыныштықты тыңдау», «Көңіл-күй өлшегіші»жаттығулары өткізілді.


Бесінші сынып оқушыларымен жүргізілген бейімдеу сабақтары

5а,ә сынып оқушыларына психологиялық «Біздің мұғалімдеріміз»атты тренинг өткізілді. Тренинг барысында естелікке жаттығу «Мұрын,еден,орамал», «Біздің мұғалімдеріміздің аттары кім?», «Нағыз мұғалім,ол-...», «Біздің мұғалімдеріміз қандай?» тренингтері өткізілді.


Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен мектеп психологі Ә.Ділдабекованың психологиялық қолдау әрі жағымды қарым-қатынас орнату, ортада өзін еркін сезінуі, ойларын ашық жеткізуге, тұлға болып қалыптасуына бағытталған жеке сабақ жүргізу барысы

1-наурыз Алғыс айту күніне орай «Алтын бала-алғыс саған!» тақырыбында мектебіміздің ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға психологиялық  қолдау көрсету мақсатында  мектеп психологі Ә.Ділдабекова мен дефектлог А.Аманқызы ашық есік күні ұйымдастырды


Арт-терапия элементтерін қолдану арқылы  (музыка,би,библио –терапия) мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыс


04-13 сәуір аралығында “Қауіпсіз интернет”апталығынан

Іс-шара барысында 7-8 сынып оқушылары арасында «Интернет менің өмірім»атты эссе жазу байқауы ұйымдастырылды.5-6 сынып оқушылары арасында «Қауіпсіз ғаламтор еліне саяхат»тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды.