Қалалық білім бөлімінің «№267 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2012 жылға дейін облыстық білім басқармасына қарасты «Жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі  болған.

Елбасымыздың жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудағы барлық мүмкіндіктерінің болуы негізгі саясатының бірі болғандықтан осы мөлтек ауданындағы балалардың екі мезгіл толық білім алуына жағдай жасау мақсатында Қызылорда облысы әкімінің 2012 жылғы 28 наурыздағы №376 қаулысының негізінде және қала әкімінің 2012 жылғы 25 сәуірдегі №3539 қаулысына сәйкес 1 тамызда Жүсіп Баласағұн көшесі №5 мекен-жайында «Жетім және ата-аналары қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесінің оқу ғимараты  «№267 орта мектеп» болып құрылды. Мектеп ғимараты 380 орынға арналған. Спорт залы, 60 орындық асханасы, 80 орындық акт залы бар.

№267 орта мектебінің оқу ғимараты 1985 жылы іске қосылған.

Жер учаскесінің алаңы: 0,7516 га.

Екі қабатты ғимарат, құрылыс ауданы: 1525.

Ғимараттық ауқымы: 10675, жалпы ішкі алаңы: 2335,7кв.м