"Отбасы"күніне орай ата - ана, оқушы, мұғалім үштігінің ынтымақтастықта жұмыс жасауын дамыту және баланы өмірде белсенді болуға, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында 3-4 сыныптар арасында «Бақытты отбасы - берекелі ел» атты отбасылық спорттық сайыс өткізілді. Спорттық сайысқа 3 отбасылық команда қатысты.
Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп берді.
Тартысты сайыс нәтижесінде, төмендегі қатысушы командалар мектеп директорының дипломымен марапатталды. Оқушыларға сыйлыққа оқу құралдары мен мектеп сумкесі табысталды.
1 "Серіковтер"отбасы жүлделі І орын,
2 "Махмур"отбасы ІІ орын,
3 "Мырзағалиев" отбасы ІІІ орындарды иеленді.
Салауатты өмір салтын қолдап, денсаулықты жанымызға серік қылған бұндай отбасылық спорттық сайыстар өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызы зор!