ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
25қазан күні Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде “Жеті өнер” Х республикалық шығармашылық байқау өтті.
Байқауда #267 орта мектеп жанынан ашылған “Көркемдік-эстетикалық балалар орталығының” талантты оқушылары қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетті.
Атап айтсақ, қобызшылар квартеті Бас жүлде, ”Үкілі домбырашылар” ансамблі Бас жүлде, Ди - Ар дуэті Бас жүлдені иеленіп, арнайы диплом мен статуэткалар , сертификаттармен марапатталды.
Бас жүлде иегерлері Алматы қаласында өтетін халықаралық байқауда өнер көрсететін болады.
Үздік жетекшілер Қауғанбаева Камшат, Базарбаев Еркінге құрмет грамотасы мен статуэтка табысталды.
Талантты оқушыларымызға шығармашылық шабыт, ұстаздарымызға толағай табыстар тілейміз.
View the embedded image gallery online at:
https://kzl267mektep.edu.kz/kz/zhanaly-tar/166-zheti-ner-kh-respublikaly-shy-armashyly-baj-au-tti.html#sigFreeId1f0e7ded58
https://kzl267mektep.edu.kz/kz/zhanaly-tar/166-zheti-ner-kh-respublikaly-shy-armashyly-baj-au-tti.html#sigFreeId1f0e7ded58






