«Мұңлы махаббаттың ақ құсы - Мұқағали»
Мектебімізде қазақ поэзиясының ақ қанатты абызы — Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби кеш ұйымдастырылды.
Әдеби кеш оқушыларды ұлттық әдебиетті құрметтеуге, поэзияны сезініп оқуға, шығармашылыққа баулу мақсатында өткізілді.
Шарада білім алушылар қыз бен жігіттің поэтикалық диалогы арқылы Мұқағали жырларындағы сыршыл сезімді, махаббат лирикасын көркем түрде жеткізді.
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс қою арқылы оқушылар поэманың негізгі ойы мен драмалық сипатын сахналық көрініс арқылы көрсетті. Шығарманың мазмұны режиссерлік шешіммен, әсерлі музыкалық сүйемелдеумен берілді.
Іс-шара барысында оқушылардың мәнерлеп оқу, сахна мәдениеті және көркем ойлау дағдылары дамыды.
Кешке атсалысқан барша оқушыларға, ұйымдастырушыларға, көрініске түскен өнерпаздарға алғыс айтамыз. Ақынның өзі айтқандай: «Жырсыз өмір — сусыз өмір секілді…»
Жырымыз да, рухымыз да ортаймасын!
View the embedded image gallery online at:
https://kzl267mektep.edu.kz/kz/zhanaly-tar/164-m-ly-makhabbatty-a-sy-m-a-ali.html#sigFreeIdf28f77ff16
https://kzl267mektep.edu.kz/kz/zhanaly-tar/164-m-ly-makhabbatty-a-sy-m-a-ali.html#sigFreeIdf28f77ff16






