Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада, ғылыми жоба, Зерде конкурсынан оза шауып, білім бәйгесінде топ жарған дарынды оқушыларды мектеп басшысы Сабила Байқоңырқызы салтанатты түрде құттықтап, сыйлықтар табыстады.
Мектеп директоры өз құттықтау сөзінде жас жеткіншектердің бұл жеңісі - табандылық пен тынымсыз еңбектің жемісі екенін атап өтіп, «Бүгінгі жетістік - ертеңгі үлкен белестердің бастауы.
Білімге деген құштарлықтарыңыз ешқашан сөнбесін, ел үмітін ақтайтын азамат болып өсулеріңізге тілектеспін», - деп ақжарма тілегін білдірді.