30.01.2026жылы мектебінде "Адал азамат" — біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында  «Әке - тірегім, қызым - жүрегім» тақырыбында отбасылық  сайыс өткізілді.
Мақсатымыз: Әке мен қыз арасындағы байланысты нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, әкенің тәрбиедегі рөлін көрсету және қыз баланың орны мен қадірін ұғындыру болып табылады.
Сайысқа «Жеңіс жұлдыздары», «Шаңырақ», «Ханшайым», «Ақ Отау» топтары қатысты.
Сайыс 4 кезеңнен тұрды:
«Мен және менің отбасым» видеоролик арқылы таныстыру.
«Өнерлі өрге жүзер» өнер
«Фуршет»
«Қыз көркі - шаш»  әкелер қыздарының шашын өреді.
Отбасылық сайысқа қатысушылар белсене қатысып, өз өнерлерін, шеберліктерін ортаға салды.
Нәтижесінде:
«Жеңіс жұлдыздары» отбасы 1 орын,
«Ақ Отау» отбасы 2 орын,
«Шаңырақ» және «Ханшайым» отбасылары 3 орынмен марапатталды.
Сайыс соңында қатысушыларға  алғыс хаттармен және естелік сыйлықтар табысталды.