ЖЕҢІС ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАРҚЫН ҚАДАМ!
Бүгін №267 орта мектебінде жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада, ғылыми жоба конкурсының жеңімпаздары марапатталды. Мектеп директоры Рахымшаева Сабила Байконыровна білім мен ғылым жолында қажырлы еңбек етіп, ізденіс пен табандылықтың жарқын үлгісін көрсеткен оқушыларымызға шығармашылық шабыт тіледі.
Білімге құштар, болашағынан зор үміт күттіретін оқушыларымызбен мақтанамыз!
Жаңа жетістіктер мен биік жеңістер тілейміз!
Білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек еткен ұстаздар мен қолдау білдірген ата-аналарға зор алғысымызды білдіреміз.