Мектебімізде «Жаңарған елдің жарқын болашағы» тақырыбында 5 – 8 сынып оқушылары арасында мектепішілік жас ақындар айтысы өткізілді.
Айтыстың мақсаты – айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы ретінде дәріптеу, баға жетпес мәдени мұрамызды шешендік өнер арқылы таныту, балаларды ұлттық рухпен отансүйгіштік, өз халқына, салт-дәстүріне деген құрмет білдіруге тәрбиелеу, дарынды шығармашыл жастарды анықтау.
Айтыс – қазақтың төл өнері. Сан ғасыр бойы бағасын жоғалтпағай, атадан қалған асыл сөзді ересектер ғана емес, жасөспірімдер де ұмытпай одан әрі дамытып жатыр. Көрерменнің көзайымына айналған Біржан мен Сарадай болған мектеп оқушылары да салмақты сөздерін саралап, қалжыңмен араластырып жиналған қауымды өнерлеріне тәнті етті.
Қазылар алқасы сайыскерлердің сөз байлығына, айтыста қарсыласына қалай жауап бергеніне, актерлық қабілетіне, домбыраны қалай меңгергеніне қарап өз бағасын берді.






