1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
1 мамыр – еліміздегі ең жарқын, ең маңызды мерекелердің бірі. Осыған орай мектебімізде "Халықтар достығы - тұрақтылық кепілі" тақырыбында мектепішілік ісшара өтті. Бұл күн – бейбіт өмірдің, татулық пен достықтың, ынтымақ пен бірліктің символы.
Қазақстан – жүзден астам ұлт пен ұлыстың ортақ үйі. Татулық пен өзара құрмет біздің елдің басты байлығы. Әр халықтың тіліне, салт - дәстүріне деген құрмет – еліміздің бейбітшілік пен тұрақтылыққа жету жолындағы негізгі қағидасы.
Мейрам әр шаңыраққа қуаныш пен шаттық, әр жүрекке жылу мен үміт сыйласын!
Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!
View the embedded image gallery online at:
https://kzl267mektep.edu.kz/kz/zhanaly-tar/154-1-mamyr-aza-stan-khal-yny-birligi-k-ni.html#sigFreeIdf28f1728fc
https://kzl267mektep.edu.kz/kz/zhanaly-tar/154-1-mamyr-aza-stan-khal-yny-birligi-k-ni.html#sigFreeIdf28f1728fc






