Жаңа оқу жылының басталуына байланысты мектеп формасына қойылатын талаптар нақтыланды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2016 жылғы №26 бұйрығына енгізілген өзгерістерге сәйкес, мектеп формасының бірыңғай түсі мен үлгісі белгіленді.
Мектеп формасына қойылатын талаптар:
Форма түсі: Қара көк (темно-синий)
Ұлдарға:
– Пиджак, жилет, шалбар, ақ жейде;
– Шалбар кең пішілген, тобықты жауып тұруы керек;
– Классикалық аяқ киім.
Қыздарға:
– Пиджак, жилет, ақ жейде, тізеден төмен юбка;
– Өкшесі 2–3 см-ден аспайтын классикалық туфли.
Спорттық форма:
– Спорттық костюм (шалбар, футболка, куртка), кроссовка немесе кеды.
Маңызды:
– Әр ата-ана форма өндірушісін еркін таңдай алады;
– Форманы кез келген дүкеннен, нарықтан сатып алуға құқылы;
– Мектеп формасына діни конфессияларға тән элементтер енгізілмейді.
Мектеп формасының сақталуы – бірыңғай тәртіп пен тәрбиенің көрінісі.