Зорлық-зомбылық пен ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында 8-11 сынып қыздарына Қызылорда ҚПБ ЖПҚб отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы бөлімшесінің инспекторы полиция капитаны Асанбаева Айгул Жетесқызы мен Қызылорда облыстық жастар денсаулық орталығының психолог маманы Суһрапқызы Тру Аидамен жиын өткізді.
Халқымыздың қыз бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлетінін түсіндіре отырып қыз балаларды инабаттылыққа, имандылыққа, кішіпейілділікке, тәртіптілікке тәрбиелеу мақсатында жүргізілген жұмыс. Еліміздің ертеңі осы асыл аналарымыз бен қарындастарымыздың қолында екенін мамандар түсіндіріп айтты.
Демек, бүгінгі қыздардың қолында бүкіл бір ұлттың тағдыры мен болашағы тұр.
Кездесу соңында мамандар қыз балаларға тренингтер жүргізіп, жарқын өмір салтын ұстануға шақырды.
https://kzl267mektep.edu.kz/kz/zhanaly-tar/148-zorly-zombyly-pen-erte-zh-ktilikti-aldyn-alu.html#sigFreeId6972256c41






