2025 жылдың 14 мамыр күні «Педагогикалық әдеп, педагогтың этикасы мен мәдениеті» тақырыбында кезектен тыс педагогикалық кеңес өткізілді.
Күн тәртібінде:
1. Мектепте педагогикалық әдепті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да шектеулерді сақтауын қамтамасыз ету туралы.
2. 2024-2025 оқу жылын аяқтау туралы.
Мектеп директоры С.Рахымшаева күн тәртібіндегі мәселеде қызметтік қарым-қатынаста, қызметтен тыс уақытта, оқу-тәрбие беру жағдайында әлеуметтік желілердегі сақталуы керек педагогикалық әдеп нормалары туралы айтты.
Педагогтар арасындағы Әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа тән әрекеттерді болдырмау, алдын алуға байланысты іс-шаралар үнемі күн тәртібінен түспейтіндігі айтылды. Мектептің барлық педагог ұжымына ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылдың 11 мамырдағы №190 бұйрығымен бекітілген «Педагогикалық әдеп Қағидаларымен» танысып, кәсіби салада орындау, сақтау міндеттілігі мен белгіленген ұсынымдарды бұлжытпай орындау жүктелді.