SHADOW DAY-ДУБЛЕР КҮНІ
«Shadow Day-Дублер күні» жобасы аясында 10-11 сынып оқушылары «СЫР ЖИХАЗЫ» фабрикасына экскурсия жасады.
Мақсаты: оқушыларды еңбек нарығындағы мамандықтармен, кәсіби қызметтің ерекшеліктерімен таныстыру, болашақ мамандық таңдауға бағыт беру және кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жандандыру.
Экскурсия барысында:
фабриканың өндіріс процесімен,
заманауи құрал-жабдықтармен,
жұмысшы мамандықтарының міндеттерімен,
өндірістік қауіпсіздік талаптарымен танысты.
«Сыр жиһазының» негізгі қызметі-жиһаз өнімдерін өндіру. Ағаш ұсталары, жиһаз құрастырушы, ағаш жонушы, дизайнер мамандардан құралған кәсіпорында жиһаз, ағаш, металопластикалық өнімдер шығаратын цехтар бар. «СЫР ЖИХАЗЫ» фабрикасының басшысы Қожахметова Жібек Нұрмағанбетовна фабриканың тыныс-тіршілігі, материалдық-техникалық базасы туралы ақпарат берді.






