«Бір мектеп-бір жоба» аясында мектепте «Этнодизайн» жобасы бойынша жұмыс жүргізілуде.
Мақсаты: Ұлттық қолөнерді дамыту, жас әрі дарынды қолөнер шеберлерін анықтау, қолдау көрсету, олардың жасаған ұлттық нақыштағы бұйымдарын кеңінен насихаттау. Білім алушылардың эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, олардың орындаушылық шеберлігін арттыру. Жоба жұмысы арқылы мектеп пен ата-аналардың өзара серіктестігін, бірін-бірі қолдауын арттыру, ұлттық мұраны дәріптеу.
Этнодизайн - халықтың ұлттық мұрасы мен заманауи дизайнды ұштастыратын шығармашылық бағыт. Қазақ халқының бай мәдениеті, ою-өрнектері, қолөнері мен тұрмыс бұйымдары этнодизайн жобасының негізгі қайнар көзі болып табылады. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысты оқушылармен ұйымдастыру-олардың ұлттық құндылықтарды құрметтеуін қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
Нәтижесінде этнодизайн жобасы оқушылардың эстетикалық талғамын дамытып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырады.






