ҮЗДІК НӘТИЖЕ - ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ ДАЙЫНДЫҚ ЖЕМІСІ
Мектебіміздің 11 - сынып оқушысы, “Алтын белгі” үміткері Темірбек Бибінұр Жасұланқызы Ұлттық бірыңғай тестілеуден 126 балл жинап, жоғары нәтиже көрсетті! 
Нәтиже - тынымсыз еңбектің, табандылықтың және білімге деген құштарлықтың жемісі.
Бибінұрдың жетістігі - мектеп ұжымының, ұстаздарының және ата-анасының ортақ мақтанышы! Бибінұр Жасұланқызына алдағы өмір жолында биік белестерді бағындырып, арманына жете беруіне тілектеспіз!
ҰБТ-дағы жоғары нәтижең құтты болсын!