2025 жыл – Қазақстанда «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланғандықтан, оқушыларды еңбек нарығында сұранысқа ие техникалық мамандықтармен таныстыру мақсатында 10 сынып білім алушыларын ТОО «Абай Дәулет» азық -түлік тауарларын және ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын кәсіпорынға экскурсия ұйымдастырылды.
Мақсаты:
Оқушыларды өндірістік процестермен таныстыру.
Жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын көрсету.
Кәсіби бағдар беру арқылы оқушылардың болашақ мамандықтарын таңдауға көмектесу.
Кәсіпорындарға экскурсия ұйымдастыру барысында оқушыларға арнайы мекеме менеджері Қордабаева Ляззат ақпарат беріп, таныстырылым жасады. Білім алушылар қызметкерлерінің жұмыс орынымен танысып, кәсіпорын жұмысшыларының жұмысын жасап көру мүмкіндігіне ие болды.
Экскурсия соңында оқушылардың пікірлері сұралып, болашақта мамандық таңдауға бағыт - бағдар берілді.






