Бүгін – тарихта мәңгілікке қалған Ұлы Жеңіс күні. Бұл күн – Отан үшін от кешкен батырларымыздың ерлігіне тағзым ететін қасиетті мереке. Ата-бабаларымыздың жанқиярлық ерлігі мен тылдағы ерен еңбегі біз үшін мәңгілік өнеге. Ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерге алғысымыз шексіз! Елімізде әрқашан тыныштық пен бірлік орнасын. Көк туымыз биікте желбіреп, келешек ұрпақ бейбіт заманда өмір сүре берсін! Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!






